PISA сынағына тиімді даярлау: зерттеушілік әрекет арқылы жаратылыстану ғылыми сауаттылықты
жақсарту
Ключевые слова:
PISA, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, функционалдық сауаттылық, құзыреттілік
Аннотация:
Оқушылардың PISA тестілеуінде талап етілетін жаратылыстану-ғылыми мен
функционалдық сауаттылықты дамыту мақсатында іс-әрекетті зерттеу Зияткерлік
мектепте жүргізілді. Мұғалімдер өздерінің іс-әрекетіне рефлективті журнал жүргізді және
жаратылыстану пәндері бойынша тапсырмалар жинағы жасақталды. Эксперимент және
бақылау топтары құрылып, зерттеу соңында эксперименттік топтың нәтижесі айтарлықтай
көтерілді.