Биологияда STEAM әдістерін қолдану: 3D принтер көмегімен биологиялық модельдерді басып шығару
Түйінді сөздер:
Биология пәні, STEAM білім беру, 3D принтер, 3D модельдеу, Tinkercad бағдарламасы,
қаңқа моделі.
Аңдатпа:
Биологияда STEAM білім беру оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға,
күрделі биологиялық процестерді түсіндіруге және заманауи технологияларды
қолдануға мүмкіндік береді. Бұл мақалада Tinkercad бағдарламасы арқылы қаңқа моделін
әзірлеу және оны 3D принтерде басып шығару үдерісі қарастырылады. Биология
пәніндегі STEAM әдістерін қолдану тәжірибесі сипатталып, оқушылардың зерттеушілік
дағдыларын дамыту жолдары талқыланады.