Авторы
Серикбаева Айжан Мырзагалиевна
Ak_miras@mail.ru
Алматы облысы,Іле ауданы,No31 орта мектеп биология пәні мұғалімі
Биология пәніне STEM элементтерін кіріктіру арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту
Түйінді сөздер:
Биология, STEM, зерттеушілік дағдылар, сыни ойлау, шығармашылық, тәжірибелік жұмыс
Аңдатпа:
Биология пәнін оқытуда STEM (ғылым, технология, инженерия және математика)
элементтерін кіріктіру арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту
мәселесі қарастырылады. STEM тәсілі оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылығын
және ғылыми зерттеулерге қызығушылығын арттырады. Мақалада тәжірибелік
жұмыстар, жобалық әдістер және зертханалық зерттеулерді интеграциялау арқылы
оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары сипатталады. Сонымен қатар,
биология сабақтарында Arduino, микроскоп, сенсорлық құрылғылар сияқты құралдарды
қолдану мысалдары келтіріліп, олардың оқушылардың практикалық дағдылары мен
ғылыми сауаттылығын қалыптастырудағы рөлі талданады. Зерттеу нәтижелері
STEM элементтерін тиімді қолдану оқушылардың дербес жұмыс істеуін, өз ойларын
дәлелдеуді және ғылыми жобалар жасауға бейімділігін дамытуға ықпал ететінін
көрсетеді.
Читать полностью
Скачать
Made on
Tilda