STEAM білім беру бағыты – заман талабы
Түйінді сөздер:
STEM – STEAM, оқу үрдісі, шығармашылықты дамыту, білім беру моделі, тәжірибе алмасу,
дағды.
Аңдатпа:
STEAM ғылым, технология, инженерия, өнер және математиканы білдіреді. Бұл
оқушыларды маңызды салаларды біріктіру арқылы жан-жақты білім алуын қамтамасыз
ететін пәнаралық оқыту тәсілі. Дәстүрлі білім беру инженерия немесе медицина сияқты
мамандықтар бойынша дағдыларды үйретсе, STEAM білімі балаларға өздерінің көркемдік
және ғылыми қабілеттерін зерттеуге және дамытуға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл
суретшіні инженерге, математикті музыкантқа немесе ғалымды дизайнерге шығаруға
бағытталған.