STEAM бағыты аясында VR/AR технологияларын сабақ үдерісінде қолдану мүмкіндіктері
Түйінді сөздер:
STEAM, VR, AR, цифрлық технология, білім беру, визуализация, креативтілік.
Аңдатпа:
Бұл мақалада STEAM бағытындағы білім беру үдерісінде VR (виртуалды шынайылық)
және AR (толықтырылған шынайылық) технологияларын қолдану мүмкіндіктері мен
артықшылықтары қарастырылады. Автор өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, аталған
технологиялардың оқушылардың креативтілігін, кеңістіктік ойлауын және цифрлық
сауаттылығын дамытуға ықпалын сипаттайды. Сонымен қатар, нақты сабақ
сценарийлері мен оқушы жұмыстары мысалға алынып, оқыту үдерісіндегі тиімділігі
талданады.