Авторы
Каржаубекова Гульназ Омарбековна
karzhaubekova_g@fmsh.nis.edu.kz
Математика пәні мұғалімі NIS Shimkent Abay, Шымкент қ., Қазақстан
Синус функциясын қолдану арқылы көпір аркасын математикалық модельдеу: 10–11 сынып оқушыларының STEAM-зерттеуі
Түйінді сөздер
Синус функциясы, көпір аркасы, тригонометрия, STEAM, математикалық модельдеу,
қолданбалы зерттеу
Аңдатпа
Бұл мақалада 10–11 сынып оқушылары орындаған қолданбалы зерттеу жұмысының
нәтижелері ұсынылады. Зерттеу барысында оқушылар синус функциясының қасиеттерін
ескере отырып, көпір аркасының математикалық моделін құрады. Оқушылар көпір аркасын
синус функциясы арқылы модельдеу процесін өздері талдап, функцияны дұрыс таңдау
қадамдарын математикалық негізде дәлелдеп шығады. Зерттеуде инженерлік есептеулер
қолданылып, GeoGebra бағдарламасында графикалық түрде анықтайды. Мақала синус
функциясының шынайы өмірдегі инженерлік есептердегі рөлін, оның архитектурадағы
тиімділігін және оқушылар осы формуланы өздері қалай түсініп тапқанын қадамдармен
көрсетеді. Зерттеу нәтижелері оқушылардың тригонометриялық түсініктерді нақты өмірлік
инженерлік есептерде қолдана алатындығын көрсетті.
Читать полностью
Скачать
Made on
Tilda