Python графикалық примитивтері арқылы Қазақстан Республикасының туын модельдеу және ұлттық әнұранды дыбыстау: 12‑сынып оқушыларының STEAM‑зерттеуі
Түйінді сөздер
Графикалық примитивтер, Python, Pygame, STEAM-білім беру, модельдеу, функционалдық
сауаттылық.
Аңдатпа
Мақалада 12-сынып оқушылары орындаған қолданбалы STEAM-зерттеуінің нәтижелері
ұсынылады. Зерттеу барысында Python бағдарламалау тілінің графикалық примитивтері
мен Pygame кітапханасының мүмкіндіктері негізінде Қазақстан Республикасының туын
модельдеу және ұлттық әнұранды дыбыстау үдерісі жүзеге асырылды. Оқушылар
графикалық объектілерді құру, экран бетімен (surface) жұмыс істеу, координаталар
жүйесін қолдану және графикалық модельді дыбыстық файлмен біріктіру жолдарын
талдап, бағдарламалық шешімдерді тәжірибеде сынақтан өткізді. Жоба барысында ту
элементтері қарапайым геометриялық фигураларға жіктеліп, олардың пропорциясы,
симметриясы және экрандағы орналасуы қарастырылды. Зерттеу нәтижелері
бағдарламалау, модельдеу, математикалық талдау және мультимедиалық
технологияларды кіріктіру оқушылардың практикалық және инженерлік ойлау
дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретінін көрсетті.