Lesson Study тәсілі арқылы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың айтылым дағдысын дамыту
Түйінді сөздер
Lesson Study, айтылым дағдысы, қазақ тілі, белсенді оқыту, коммуникативтік құзыреттілік.
Аңдатпа
Мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында Lesson Study тәсілі арқылы
оқушылардың айтылым дағдыларын дамыту мәселесі қарастырылады. Зерттеу барысында
A, B, C деңгейіндегі оқушылардың сөйлеу әрекетіне бақылау жүргізіліп, бірлескен жоспарлау
және кәсіби рефлексия әдістері қолданылды. Нәтижесінде «ПОПС формуласы», «Рөлдік
ойындар» сияқты белсенді әдістердің оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
дамытудағы тиімділігі анықталды. Зерттеу нәтижелері мұғалімдердің кәсіби шеберлігін
арттыруға және тілдік пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған.