Қарапайым механизмдер арқылы қозғалысты басқару: Голдберг машинасы негізінде STEAM тәжірибесі
Түйінді сөздер
Голдберг машинасы, механика, STEAM білім беру, энергияның түрленуі, импульс,
инженерлік жобалау, зерттеу дағдылары.
Аңдатпа
Бұл мақалада Голдберг машинасы принципі бойынша құрастырылған көпкезеңді
механикалық құрылғы арқылы физиканың механика бөліміне қатысты негізгі заңдарды
тәжірибе жүзінде көрсету тәсілдері сипатталады. Жоба барысында энергияның түрленуі,
үйкеліс күші, импульстің берілуі, центрге тартқыш күш, ауырлық күшінің жұмысы
қарастырылды. Сонымен қатар STEAM тәсілі арқылы оқушылардың инженерлік ойлау
қабілетін дамыту мүмкіндіктері талданды.